ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2
kine1 

Кенеден келер қауіп көп. Жалпы иксод кенесі жылы қанды организмнің қанымен қоректенетін болғандықтан, адамдар мен жануарларға аса қауіпті жұқпалы ауру жұқтырып, зиянын тигізуде.

Кене адам ағзасының температурасын 100 метр қашықтықта сезеді, жүру жылдамдығы 5-7см/с, қоректенуі тәулігіне - 200 мкг. қан, ал қорексіз кене бірнеше жыл тіршілік етеді. Кенелер қора-жайларда, қи қоқыста, құс ұясында, тышқан інінде, өсімдік түбінде болады. Аналығы 5-18 мыңға жуық жұмыртқалайды. Кенелер жұқпалы індет вирустарын 25 ай сақтап, ұрпақтарына береді. 

Сонымен, кенеден таралатын індеттің бірі - Конго Қырым геморрагиялық қызбасы (Көкала). Бұл, жұқпалы вирус кене шаққанда, кенені жалаң қолмен езу - жаншу, жануарларды сою, бөлшектеу кезінде және індетпен ауырған науқастың қанымен жанасу арқылы жұғады.

Адам ауырғанда дене қызуы көтеріледі, бас, буын және бел ауырады, қан сұйылып, қан (мұрын, тістің қызыл еті) кетеді, денеде қан бөртпелері байқалады,індет, көбінесе, өліммен аяқталады.

Аталған індет мамыр, маусым және шілде айларында өршиді. Оған себеп, жартылай шөлді және шөлді аймақтарда «көкала» ауруын таратушы кененің түрі H. аsiaticum «Г. Азиатикум» кенесі тіршілікке наурыз айында шығады да, қыркүйекке дейін белсенді өмір сүріп, өсіп - өнеді.

Елімізде Конго Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, және Түркістан облыстарында жыл сайын тұрғындар арасында осы індетпен адамдар аурып, елді мекендері қолайсыз болып есептеледі.

Өкінішке орай, бұл ауру ересек адамдармен қатар балалар мен жасөспірімдер арасында да жиі кездеседі. Ауылдарда балалар мен жасөспірімдер үй шаруашылығымен (мал, қора тазалау, шөп жинау, мал бағу) айналысып, кенеден қорғануға немқұрайлы қарап, өз денсаулықтарына қауіп туғызу жиі кездеседі және өлім жағдайына да әкелуде.

Кенеден қорғанудың бірден бір жолы мал қораларын және маңайын, үй ішін т.б. дезинсекциялау керек. Бұл жұмысқа мал шаруашылығы қызметкерлері (мамандары), әсіресе, сол жердің тұрғындары міндетті түрде қатысулары қажет. Сонымен қатар, тұрғын үйлерде, мал қораларында кенелердің болмауын қадағалау керек.

Ауырған адамдардың қаны үй заттарына жанасудан сақтанған жөн. Маңайдағы керексіз заттар, мал қораларындағы қи - қоқыстар жиналып өртеледі. Малды механикаландырылған шомылдырғыштарда тоғытқан дұрыс. Мал қораларды, сарайларды дезинсекциялау керек. Бұл жұмыстар міндетті түрде мамандардың бақылауымен жүзеге асырылуы шарт. 
 kine2

Кене шаққан жағдайда шаққан жерге қарапайым әдіспен пинцетпен немесе қолғап киіп, кенені асықпай, мүмкіндігінше, тұмсығымен бірге денеден алу қажет. Алынған кенені қақпағы бар ыдысқа салып, денедегі шаққан орнын кез келген залалсыздандыратын медициналық (спирт, дезинфекциялық ерітінді) ерітінділермен сүртіп, тез арада медициналық көмекке жүгінген дұрыс.

Әр адам жеке басының қауіпсіздігі және кенеден қорғану үшін - табиғатқа шығатын тұрғындар мен саяхатшылар ұзын жеңді көйлек киіп, жеңдерін түймелеп, ұзын балақты шалбарды шұлықтармен қымтап кию керек, аяқ киім, бас киім киіп, өзімен бірге дененің ашық жерлеріне себетін медициналық дәрілік заттарды алып жүру қажет және өзінің қасындағы адамдардың денесінде кененің бар жоғын жиі тексеріп отыру керек.

 

Естеріңізде болсын, жеке бастың сақтық шараларын сақтай отырып, ауруды ауыздықтай аламыз.

 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ