ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

     7-8 қарашада Алматыда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау және мониторингінің ғылыми-практикалық орталығы» ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының филиалы базасында Микробқа қарсы төзімділікті қадағалау жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру тобының ұлттық мәжілісіөтті, оған Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының өкілдерін қоса алғанда,фармакология, эпидемиология, микробиология,ветеринария саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандар қатысты.

Мәжіліс микробқа қарсы төзімділікті эпидемиологиялық қадағалаудың ұлттық жүйесін талқылау мақсатында өткізілді. Практикалық денсаулық сақтау саласына деректерді жинау, талдау және ұсыну, сонымен қатар 2020 жылға микробқа қарсы төзімділікті тежеу мәселелері талқыланды.

Антибиотиктерге төзімділік бүкіл әлемде қауіпті жоғары деңгейге дейін өссуде. Кең таралған жұқпалы ауруларды емдеу қабілеттілігімізге қауіп төндіре отырып, төзімділіктің  жаңа тетіктері пайда болып,  барлық жерде  жаппай таралуда. Мысалы, пневмония, туберкулез, қанның бұзылуы, гонорея, тамақтан болатын  ауруларды антибиотиктер тиімділігінің төмендеуінен емдеу қиынға соғып отыр, ал кейде  тіпті мүмкін болмай тұр.Антибиотиктерге төзімділік олардың қате  және шамадан тыс қолданылуына, сондай-ақ инфекциялардың алдын алу және олармен күресудің әлсіз болуына байланысты қарқын алуда. 

Антибиотиктерге төзімділік адамдарда немесе жануарларда  емес, бактерияларда дамиды. Бұл бактериялар адамдар мен жануарларға жұғуы мүмкін және оның салдарынан туындаған инфекцияларды мұндай төзімділігі жоқ инфекцияларға қарағанда  емдеу қиынға соғады.  

Мамандар антибиотиктерді тағайындау және пайдалану ережелерін ұстануға шақырады. Жаңа дәрі-дәрмектерді әзірлеу жағдайында да, егер тәртіпті өзгертпесе, антибиотиктерге төзімділіктің елеулі қаупі сақталады. Тәртіпті  өзгерту    - вакцинация, қол жуу, қауіпсіз жыныстық қатынас  және дұрыс тамақтану гигиенасы арқылы инфекциялардың таралуын қысқарту бойынша шараларды да  қамтуы тиіс.

СЭСМҒПО қызметкерлері Қазақстандағы микробқа қарсы төзімділік мәселелерін шешу бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Қазақстандық микробиологтар медициналық, ветеринарлық және фитосанитарлық қызметтер саласында микробиология және молекулярлық-генетикалық зерттеулер бойынша референс-орталықтар ұйымдастыру, сонымен қатар Eucast*  стандарты негізінде микробиологиялық зерттеулерді біріздендіру және стандарттау бойынша әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу және бактерияларға қарсы дәрі-дәрмектерді клиникалық практикада қолдану бойынша нұсқаулық әзірлеу қажет деп санайды. Бұл мәселелерді мәжілістің  фармакологтар, эпидемиологтар, клиницистер және ветеринарлар қатысқан жұмыс топтары талқылады.  

Осы ұсыныстарға қоса шараның қатысушылары қосымша кәсіби білім бағдарламаларының білім беру бағдарламаларын Инфекциялық бақылау бөлімдері (комитеттері) мамандарының пәнаралық әрекеттестігін ұйымдастыру және үйлестіру мәселелерін қоса отырып әзірлеп, енгізудің маңыздылығын атап көрсетті.

Негізгі деректер 

·        Антибиотиктерге төзімділік бүгінгі күні адамзат денсаулығына, азық-түлік қауіпсіздігі мен дамуына елеулі қауіп-қатердің бірі болып табылады.

·          Антибиотиктерге төзімділік кез келген адамға, кез келген жаста және кез келген елде әсер етуі мүмкін.

·         Антибиотиктерге төзімділік - табиғи құбылыс, бірақ антибиотиктерді адамдардың дұрыс пайдаланбауы және олардың жануарларға дұрыс  егілмеуі  осы процесті тездетеді.

·         Көптеген жұқпалы ауруларды – мысалы, пневмония, туберкулез, гонорея және сальмонеллезді антибиотиктер тиімділігінің төмендеуінен емдеу қиынға соғып отыр.

Ауруханаға ұзақ уақытқа жату, медициналық шығындар мен өлім-жітімнің өсуі антибиотиктерге төзімділіктің салдары болып табылады. 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ