ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Аурулардың алдын алу мен бақылау жөніндегі АҚШ орталығының (СDС) басшысы - АИТВ/ЖИТС зерттеушісі, доктор Роберт Редфилд бастаған делегация Қазақстанға келді. Нұр-Сұлтанда делегация ҚР ДСМ "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының" жұмысымен танысты, Алматыда Роберт Редфилд және оның қасындағы адамдар "СЭСжМҒПО" филиалына барды. Роберт Редфилд – Балтимордағы Мэриленд Университеті Медицина мектебінің профессоры және Вирусология институтының тең құрылтайшысы. Дүниежүзілік медициналық қауымдастық Уолтер Рид атындағы Әскери ғылыми-зерттеу институтында Роберт Редфилдтің АИТВ/ЖИТС-тың берілу механизмін түсінуге үлкен үлес қосқан жұмысын жоғары бағалады. 

         ҚР ДСМ "ҚДСҰО" ШЖҚ-ғы РМК "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалының директоры Жанар Сүлейменова қонақтарды қошаметтеп, "СЭСжМҒПО-ның" CDC-мен өзара іс-қимылы жөнінде және бірлескен жобаларды ары қарай дамыту туралы айтты. «Бүгін Аурулардың алдын алу мен бақылау жөніндегі АҚШ орталығы директорының біздің Орталыққа келгеніне қуаныштымыз. CDC инфекциялық аурулардың өршуін анықтауда, олардың таралуының алдын алуда және бақылауда маңызды рөл атқарады. CDC беделін бүкіл әлем мойындап отыр».     

         "СЭСжМҒПО" филиалының директоры Жанар Сүлейменова былай деді: «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы Қаулысымен құрылды. Оны құру, ең алдымен санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг және бақылау жүйесін заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес модернизациялаумен байланысты. Бұл Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен бірге консультация, зерттеулер аясында жүргізілген жұмыстың нәтижесі. Қоғамдық денсаулық сақтаудың жаңа моделінде инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды болдырмау және олардың алдын алу мәселелері, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау жолға қойылған. Жаңа тәсілдің мәні – бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін қоғамдық құрылымдарды мобилизациялау арқылы арттыруда, азаматтардың өмір сүру ұзақтығын жекелеген азаматтардың, мемлекеттің, сонымен қатар бүкіл қоғамның денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті күшейту арқылы арттыруға болатынын түсінуде.  

          Қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі функциясы осында. Қоғамдық денсаулық сақтауды басқарудың жаңа моделін имплентациялау шеңберінде институционалдық бірігулер болды. Ең алдымен, Денсаулық сақтау министрлігінің өзінде Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті, Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті және Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы құрылды. Қазір «СЭСжМҒПО» – «ҚДСҰО» филиалы. «СЭСжМҒПО-ның» жұмыс істеп жатқанына 67 жыл болды. Әр жылдары жоғары республикалық және халықаралық наградалармен мараптталды. «Біздің Орталықтың құрылымы, - деп жалғастырды Жанар Нұрланқызы, – негізгі үш қызметтен тұрады. Зертханалық қызмет 7 референс-зертханадан, сынамалар алу және сынақ жүргізуге үлгілер қабылдау бөлімінен, зертханалық зерттеулер менеджменті басқармасынан тұрады. Негізгі сектор эпидемиологиялық бақылауға және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жауапты оперативті басқармалардан тұрады. 3-шісі - әкімшілік-шаруашылық басқармасы және жеке бөлім - Халықаралық ынтымақтастық, білім беру және ғылыми бағдарламалар менеджменті басқармасы.

      Біздің Орталықтың базасында электрондық форматта эпидемиологиялық, санитарлық-гигиеналық деректерді жинау және топтастыру жүргізіледі, олар жағдайды талдауға, бағалауға және болжауға мүмкіндік береді. Халықтың денсаулығына және экологиялық аяға әсерін төмендету бойынша ықтимал  тәуекелдер мен ден қою шараларын анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Орталық 60 мониторинг пен бағдарлама жүргізу арқылы елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бойынша бірыңғай ақпараттық алаңды қалыптастырады.

        Біздің СDC-мен ынтымақтастығымыз 1995 жылдан басталды, - деді Жанар Сүлейменова, - алғашқы жылдары СDC қолдауымен ай сайынғы бюллетень – қазіргі - "Қоршаған орта және халық денсаулығы" журналын шығару ұйымдастырылды, онда Орталық мамандарының, Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі мамандарының, ғылыми қызметкерлердің, докторанттар мен магистранттардың ғылыми-практикалық мақалалары жарияланады.

     1996 жылы Алматы облысында бірінші рет аудандық деңгейден инфекциялық сырқаттанушылық бойынша электрондық есеп енгізілді, одан әрі бұл Қазақстанның барлық әкімшілік аумақтарында дами бастады.

1997 жылдан бастап 2003 жылға дейін ДДСҰ-мен және СDC-мен бірлесіп полиомиелитті жою жөнінде іс-шаралар, сондай-ақ вирустық гепатиттер бойынша ғылыми-практикалық жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда, осы зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша перзентханаларда жаңа туған нәрестелерді ВГВ-ге қарсы вакцинациялау енгізілді. Мичиган университетімен бірлескен зерттеулердің нәтижесінде СDC қолдауымен ошақтарда ВГА-ға қарсы вакцинациялау енгізілді, ал кейіннен 2 жастан бастап балалар арасында жоспарлы түрде вакцинациялау енгізілді. Панельдерді қолдана отырып, ССБ енгізу арқылы вирустық гепатиттерді диагностикалауды жетілдіру жұмыстары жүргізілді.

      2014 жылдан бастап Қазақстанда CDC-мен бірлесіп халықаралық медициналық-санитарлық ережелер (ДДСҰ) және қоғамдық денсаулықты сақтаудың Ғаламдық бағдарламасы белсенді түрде іске асырылуда. "СЭСжМҒПО" – қазіргі таңда Ғаламдық халықаралық бағдарламаларды іске асыруда белсенді қатысушы. Полиомиелитті жою бойынша Ғаламдық жоспарды іске асырудың арқасында 2002 жылы ДДСҰ Қазақстанды полиомиелиттен таза аумақ деп мойындады. 2011-2020 жылдарға арналған қызылша мен қызамықты элиминациялаудың Стратегиялық Ғаламдық жоспары шеңберінде егілуге жататын адамдарды қамту 98% -дан көп құрады. 2005-2007 жылдары Орталықтың оқу базасына техникалық жарақтандыру жүргізілді, бұл оқыту сапасын көтеруге және білім алушылардың санын арттыруға мүмкіндік берді.

 

       Кездесу барысында CDC делегациясы "СЭСжМҒПО" филиалының бірқатар зертханаларының жұмысымен танысты, тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы әңгіме болды. Кездесуге қатысушылар естелік ретінде бір-біріне кәдесый берді, жобалар мен жоспарларды іске асыруда табысқа жетуді тіледі. 

cdc1

cdc2

cdc3

 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ