ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Шілде 2019
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Алматы қаласында «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» «Санитарлық- эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалында 2019 жылдың 30-31 мамырында «трансмиссивтік және паразиттік аурулардың өзекті мәселелері» бойынша республикалық семинар өткізілді.

Семинарға Омбы қаласының «Омбы табиғи-ошақтық инфекциялар ғылыми – зерттеу институтының» ФМҒМ директоры, профессор, м.ғ.д.Рудаков Н.В.,  ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы  мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің бас мамандары, Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығы мен Ұлттық экспертиза орталығының төрағалары, Алматы қаласындағы И.Жекенов атындағы қалалық инфекциялық ауруханасының басшысы мен мамандары, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің» дерматовенерология курсы инфекциялық аурулар кафедрасының меңгерушісі мен мамандары, М.Айқымбаев атындағы КЗИ ҚҒО зоология және паразитология зертханасының ғалымдары; Қазақ ғылыми зерттеу ветеринарлық институтының меңгерушісі, Германия, Мюнхен қаласының Людвиг Максимилиана университетінің PhD кандидаттары, Орталық референс зертханасының мамандары, Оңтүстік Казақстан медицина академиясының инфекциялық аурулар кафедрасының доценттері және аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттерінің, ұлттық сараптама орталығы филиалдарының эпидемиологтары, паразитологтары, энтомологтары қатысты.

Семинардың негізгі тақырыбы әлемдік көлемде өзекті маңызды орын алатын трансмиссивтік және паразиттік ауруларға арналды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша  әлемнің 4 млрд жуық тұрғындары паразитоздармен, жылсайын 1 млрд жуық адамдар аскаридозбен ауырады. ДДСҰ бағасы бойынша гельминттермен шақырылатын аурулар, аса маңызды инфекциялық және паразиттік  аурулардың ішінде үшінші орын алады.

Аурулар тіркелініп отырған елдерде паразиттермен зақымдануды               2020 жылға 80 пайызға төмендетуді алға қойып,  ДДСҰ халықты паразиттік аурулардан сауықтыруды маңызды шаралардың біріне қойып отыр.  

Семинардың бағдарламасына сәйкес табиғи ошақтық трансмиссивтік            (риккетсиоздар, КҚГҚ, кене энцефалиті, лейшманиоз) және паразиттік аурулардың өзекті мәселелері қаралды; ғылыми зерттеу қорытындысы бойынша қансорғыш жәндіктер мен кенелердің энтомологиялық мониторингі, зооноздық инфекциялардың эпизоотологиялық жағдайлары.

 

Бірінші рет республикалық семинарда 7 постерлік баяндамалар ұсынылды, оның ішінде 3 жақсы  баяндаға сыйлықтар берілді: СҚО ҰСО маманы Е.И.Горленконың «Солтүстік Қазақстан облысындағы паразиттік ауруларды  тексерудегі зертханалық  диагностикалауды ұйымдастыру», Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының маманы                                  Ф.А. Бердалиеваның «Казақстанның оңтүстік өңірлеріндегі балалар мен жасөспірімдер арасындағы КҚГҚ» және Қарағанды облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің маманы Н.Д.Замилованың «Қарағанды облысындағы паразиттік аурулардың мәселесі»

 

res1

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ