ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2
pos1  019 жылғы 17-18 маусымда Алматы қ. "Атакент" парк-отелі ғимаратында "Баршаға денсаулық: практикалық медицинаны және қоғамдық денсаулық сақтауды модернизациялау негізінде ұлт денсаулығы үшін барлық қызметтерді интеграциялау" атты жыл сайынғы 6-шы халықаралық  конгресс өтті.  

 Конгресстің негізгі мақсаты Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деген Қазақстан халқына Жолдауын және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және пациенттің мұқтажын қанағаттандыру үшін барлық денсаулық сақтау қызметтерін интеграциялау болып табылады. Конгресс жұмысына Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, 20-дан астам шетелдік (АҚШ, Дания, Нидерланды, Финляндия, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Германия, Түркия, Литва) жетекші ғалымдар қатысты.     

 

 

 pos2

pos3

    ҚР ДСМ "ҚДСҰО" ШЖҚ-ғы РМК "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалы директорының оперативті жұмыс жөніндегі орынбасары С.В.Казаков "ҚР-да инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалаудағы ақпараттық жүйелер" деген баяндамасында еліміздегі тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды қолдайтын оперативті басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпараттық негіз ретінде эпидемиологиялық мониторингтің маңыздылығы туралы айтты: "-Біздің филиалдың ақпарат орталығы ай сайын электрондық пошта режимінде еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды сипаттайтын 30 мыңнан астам көрсеткішті жинап, бағалайды және жинақтап, алдын ала талдау жүргізеді, сосын бұны Денсаулық сақтау министрлігі басқармасының орталық аппаратына жібереді". Бұл ақпарат халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы әлеуметтік маңызы бар процесстерді қадағалауды: инфекциялық аурулардың бірлі-жарым оқиғаларын және бұрқ етпелерін анықтауды; халық денсаулығының жағдайына, инфекциялық аурулардың (уланулардың) таралуына әсер ететін немесе жағдай жасайтын сыртқы орта факторларын бақылауды және осының негізінде эпидемиялық бұрқ етпелерді жою және Қазақстан Республикасында санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды жақсарту бойынша оперативті басқару шешімдерін қабылдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Баяндамада мониторинг жүйелерін модернизациялау, электрондық жүйелерден «Бұлтты»- on-line технологияларға көшу қажеттілігі айтылды. Станислав Владимирович жүйені дамытудың перспективті бағыттарын, атап айтқанда, Қазақстанда Blacк & Veach америкалық компания әзірлеген, Грузияның және Әзірбайжанның эпидемиологиялық мониторинг жүйесінде 5 жылдан астам уақыт табысты жұмыс істеп келе жатқан Аурулар мониторингінің Бірыңғай интеграцияланған жүйесін енгізу мүмкіндігін ұсынды.  

ҚР ДСМ "ҚДСҰО" "СЭСжМҒПО" филиалының инфекциялық және паразиттік аурулар басқармасының эпидемиолог дәрігері Л.Қасабекова "Вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулардың алдын алудағы иммундау тиімділігі" деген баяндама жасады.        

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ