ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Менингококк инфекциясы -бұл жіті инфекциялық ауру, оған көптеген клиникалық белгілер - симптомсыз тасымалдаудан ми қабығының зақымдануына дейінгі ауру белгілері тән. 

Әдетте, инкубациялық кезең төрт күнге созылады, бірақ 2 күннен 10 күнге дейін өзгеруі мүмкін.

Менингококк инфекциясы ауа-тамшы арқылы беріледі, жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескен кезде, тығыз және ұзақ қарым-қатынаста болғанда жұғады.

Негізгі клиникалық белгілерге: жалпы әлсіздік, дене температурасының бірден 39,0 С-қа дейін және одан да жоғары көтерілуі, адам төзгісіз бас ауыруы, жүрек айнуы және құсу, бөртпе, тыныс алудың бұзылуы, сананың тежелуі, бұзылуы жатады.

Менингит кез келген жаста дамуы мүмкін болғанымен, көбінесе одан жас балалар зардап шегеді. Аурудың ауырлығы мен ұзақтығы баланың жасына,  ауру басталғанға дейін оның  жалпы денсаулығының жағдайына және емдеудің жылдамдығына байланысты. Менингит тез нашарлауға және емдеу болмаған жағдайда немесе емделу тым кеш басталған жағдайда адам өміріне қауіп әкелуі мүмкін.

Менингиттің негізгі екі түрі бар: бізді қызықтыратын вирустық, және бактериялық (менингококк инфекциясында). 

Вирусты менингит, әдетте бұрын дамыған вирусты инфекциямен байланысты болады, бастапқыда мұрын және тамақ, асқазан немесе ішек инфекциясы ретінде немесе басқа түрі өткінші вирусты инфекциялар ретінде көрінеді. Коксаки, ЕСНО, полиовирустар серозды вирусты менингит қоздырғыштары болып келеді, Энтеровирусты инфекциялардың ең жоғары сырқаттанушылығы жазғы-күзгі айларда болады. Энтеровирусты инфекциялар, негізінен, 10 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеледі.

10 жастан асқан балаларға жұққан вирусты менингит жағдайларының белгілері кенеттен пайда болуы мүмкін. 2 - 10 жас аралығындағы балаларда, көбінесе, алдымен қызба болады, содан кейін ғана ұйқышылдық және ашушаңдық пайда болады. Нәрестелерде тек қана ашушаңдық және «үлкен еңбегінің» (бастың төбесіндегі жұмсақ орын) ісуі байқалады.  Алдында немесе бір мезгілде, кез келген жастағы балаларда вирусты менингиттің басқа белгілерімен бірге бөртпе пайда болуы мүмкін.

Инфекцияны жұқтыру көзі науқас және сырттай сау вирустарды тасымалдаушылар болып табылады.

Инфекцияны жұқтыру жолы: ауыз-нәжістік және ауа-тамшы. Энтеровирусты жұқтыру үшін, қолды нашар жуып, шыбын «отырған» тағамдарды пайдалану немесе науқас адамдардың арасында болу жеткілікті. Көбінесе серозды менингиттің қоздырғыштары лас су арқылы оны тамақта пайдалану кезінде немесе шомылған кезде ішке жұтылған су арқылы таралады. 

Әдетте, вирусты менингит кем дегенде 2 аптаға созылады; жеңіл түрінде, қалпына келтіру 3-ші немесе 4-ші күннен басталады. 2-4 күннен кейін менингит белгілері жоғалады, бірақ 10-40% жағдайда емдеуден кейін біржола жоқ болып кету үшін 5-7-ші күні олар қайта пайда болады. Серозды вирусты менингиттен кейін астениялық синдром сирек байқалады. Вирусты  менингитпен ауырған науқас балалардың толық қалпына келуі үнемі байқалады, бірақ уақытша бұлшық ет әлсіздігінің болуы және қозғалыс үйлесімінің бұзылуы мүмкін. Алайда ерте жастағы балаларда энтеровирусты инфекция қатты асқынуларға ұласуы, ми мен жұлынға зақым келтіруі мүмкін және менингоэнцефалиттің және менингоэнцефаломиелиттің дамуына әкелуі мүмкін.

Менингитке күдіктенген кезде науқасты бірден ауруханаға жатқызады. Бұл жағдайда диагностика өте маңызды және бұл аурудың ауыр болуымен ғана емес, оны емдеу ерекшелігімен де байланысты. Бірінші кезекте әлеуетті науқастан талдауға қан және жұлыннан сұйықтық алынады. Серозды менингит кезінде болжам көп жағдайда үміттендіреді, тіпті қолайлы, бас ауруына және жоғары температураға қарамастан, балалар мен ересектер де сауығады.

Менингокк инфекциясымен, энтеровирусты инфекциялармен және серозды менингитпен сырқаттанушылық жағдайларын уақытылы есепке алу және тіркеу үшін апта сайын республика бойынша эпидемиологиялық мониторинг жүргізіледі, сондай-ақ энтеровирусты инфекциялармен сырқаттанушылықтың эпидемиялық маусымы аяқталған дейін кемінде бір рет қоршаған орта объектілерінен (сарқынды сулар, ашық су қоймаларынан, жүзу бассейндерінен, фонтандардан, сауықтыру мекемелерінің бассейндерінен және шомылуға пайдаланылатын басқа да орындардан) сынама алу арқылы қоршаған ортадағы энтеровирус айналымына зертханалық бақылау жүргізіледі.

 

Өзіңді және жақындарыңды менингиттен қалай қорғау керек?

 

ü жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау (дәретханаға барғаннан кейін, жануарларға жанасқан соң, тамақ дайындау алдында және тамақ ішер алдында қолды сабынмен мұқият жуу);

ü ашық ауада көбірек серуендеу, қоғамдық көлікте жүруден бас тарту ұсынылады;

ü витаминдерге және микроэлементтерге бай, толық және үйлесімді тамақтану, спортпен шұғылдану, организмді шынықтыру иммунитеттің жоғарылауына ықпал етеді;

ü қоздырғыш сыртқы ортада тұрақсыз болғандықтан, жоғары және төмен температурада, ультракүлгін сәулелердің әсерінен тез өледі. Сондықтан үй-жайларды жиі желдету, инсоляциялау (күн сәулесі пайдаланылады), үй-жайларды ылғалды жинау аурудың алдын алу үшін пәрменді құрал болуы мүмкін;

ü ауырмау және айналадағы адамдарға жұқтырмау үшін мұрын-жұтқыншақтың жіті және созылмалы ауруларын – фарингит, тонзилит, ларингитті уақтылы емдеу керек;

ü тек шомылуға бөлінген жерлерде ғана шомылуға болады, суға шомылған кезде балаларды суды жұтып қоймауға үйретіңіз;

ü менингококк инфекциясына тән алғашқы симптомдар пайда болған жағдайда дереу  "жедел жәрдем" шақыру керек және ауырған адамды тез ауруханаға жеткізу қажет, өз бетімен емдеуге болмайды.

 

Жоғарыда көрсетілген ауру белгілері болған жағдайда медициналық мекемеге дер кезінде қаралу керек! 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ