ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Республика бойынша менингитпен, оның ішінде серозды менингитпен және менингококк инфекциясымен сырқаттанушылыққа апта сайын мониторинг жүргізіледі.

2019 жылғы 25 қыркүйектегі есеп бойынша 997 серозды менингит тіркелді, оның ішінде өліммен аяқталғаны жоқ және топтық ауру жағдайлары тіркелмеген. Серозды менингит - бұл маусымдық ауру, жыл бойы тіркеледі, бұл аурудың өршуі жылдың жаз айларына келеді. 

Серозды менингиттерді жұқтыру көзі – науқас және вирус тасымалдаушылар, соның ішінде симптомсыз түрімен ауыратын науқастар. Серозды менингит кезінде балалар үшін қауіпті болып келетін фонтандар (кішкентай балалар фонтанда ойнап жүріп суды жұтып қояды да, ауру жұқтырады), сондай-ақ жуылмаған көкөністерді, жеміс-жидектертерді жеу  ауруды жұқтыру факторлары болып саналады.

           Менингококкты менингитке қатысты өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 45,3%-ға төмендегені байқалады. Жыл басынан бері республика бойынша 50 менингококк инфекциясы тіркелген. Өкінішке орай, менингококк инфекциясынан қайтыс болу жағдайы 10% (5 жағд.) құрады.

Менингококк инфекциясы кезінде инфекция көзі науқас адам немесе қоздырғышты тасымалдаушы болып табылады. Тасымалдаушылар ең қауіпті, өйткені олар аурудың симптомын білдірмей, айналасындағыларға ауру жұқтыруы мүмкін. Ауру жыл бойы тіркеледі, бірақ сырқаттанғандардың ең көп саны, жіті респираторлық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттанушылықтың өршуімен бірге  қысқы-көктемгі мезгілде байқалады.

Аурудың алдын алу мақсатында келесі алдын алу шараларын қолдану қажет:

ü   жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды жуу, баланың көшеде ауызға ешнәрсе алмауын қадағалау;

ü   ашық ауада көбірек серуендеу ұсынылады, қоғамдық көлікте жүруден аулақ болу;

ü   витаминдерге және микроэлементтерге бай, толық және үйлесімді тамақтану, спортпен шұғылдану, организмді шынықтыру иммунитеттің жоғарылауына ықпал етеді;

ü   қоздырғыш сыртқы ортада тұрақсыз болғандықтан, жоғары және төмен температурада, ультракүлгін сәулелердің әсерінен тез өледі. Сондықтан үй-жайларды жиі желдету, инсоляциялау (күн сәулесі пайдаланылады), үй-жайларды ылғалды жинау аурудың алдын алу үшін пәрменді құрал болуы мүмкін;

ü   ауырмау және айналадағы адамдарға жұқтырмау үшін мұрын-жұтқыншақтың жіті және созылмалы ауруларын – фарингит, тонзилит, ларингитті уақтылы емдеу керек;

ü   менингококк инфекциясына тән алғашқы симптомдар пайда болған жағдайда дереу  "жедел жәрдем" шақыру керек және ауырған адамды тез ауруханаға жеткізу қажет, өз бетімен емдеуге болмайды.

Маңызды! Менингит симптомдары біліне  бастаған кезде өз бетінше емделуге мүлдем болмайды. Ауру меңдеп, өршуі мүмкін және науқастың, әсіресе сәбидің алғашқы айдарындағы жай-күйін тез және дұрыс объективті бағалауды тек дәрігер ғана бере алады. 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ