ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

    Неліктен адамдарға ЖРВИ мен тұмау салқын кезде жұғады және вирустардан өзімізді және балаларды қалай қорғауға болады деген сұрақтарға ҚР ДСМ "ҚДСҰО" ШЖҚ-ғы РМК "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалының инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу басқармасының басшысы Манар Смағұл жауап береді.

- Күннің салқындауы емес, температураның күрт өзгеруі және ауа-райының алмасуы организмге зиян келтіреді, олар организм үшін стресс болады. Адам мұздаған кезде тамырдың өткізгіштігі бұзылады, қан айналымы баяулайды, тіндердің қоректенуі нашарлайды, нәтижесінде иммундық жүйе әлсірейді. Мұндай жағдайда вирустар мен бактериялар организмге тыныс алу жолдары арқылы тез енеді. Ал ауа-райының  салқын болуы тұмау вирусының белсенді болуына және тез таралуына мүмкіндік береді. Қазір өліара, сырқаттанушылықтың артуы қазан айының аяғына таман басталып, желтоқсан айының соңында, қаңтарда және ақпанда өршиді. Желтоқсан айында инфекциялардың тұмау емес түрлері - риновирус, аденовирус, паратұмау және басқалары байқалады. Мұндай аурулардан сақ болу үшін вакцина алған дұрыс. Вакцинация – медицинаның ғаламат жетістіктерінің бірі. Осының арқасында өз кезінде шешек ауруының таралуы тоқтады. Вакцинация болмағанда, аталған аурудан адамзаттың жартысы қайтыс болған болар еді. 2012 жылдан бастап Қазақстан полиомиелиттен таза ел мәртебесін алды, қызылшамен және қызамықпен сырқаттанушылық айтарлықтай төмендеді, 1998 жылдан бастап біздің елде дифтерия тіркелінбейді. Вакцинация ұжымдық иммунитетті қалыптастыруымен маңызды. Вакцина алған адамдар басқа адамдар үшін инфекция көзі болмайды. Вакцинация бүкіл қоғамды жаппай инфекциялық аурулардың таралуынан қорғайды!      

gripkz

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ