ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Үнсіз масалар – ұзын тұмсығы мен жіңішке аяқтары бар, өте кішкентай жәндік. Оларды кәдімгі масалармен жиі шатыстырады, бірақ олардың өз ерекшеліктері бар. Үнсіз маса дегеніміз не? Олар қай жерлерде мекендейді?

Адамдарға олардың қандай зияны бар?

Үнсіз масалар сыртқы түрімен, яғни түкті, ашық түсті денесінің ұзындығы 1,5 мм-ден 3мм –ге дейін ғана жететін  мөлшері кішкентайлығымен  ерекшеленеді.

Олардың қанаттары қозғалмай тұрғанда кішкене жоғары көтеріңкі, бұрыш маңында жайғасады. Ал масалардың қанаттары керісінше, денесіне параралельді түрде арқасына жағалай жатқызылып орналасады.

Үнсіз масалар жылыны жақсы көреді, сондықтан да ыстық оңтүстік өңірлерде мекендейді.

Ал масалар Антарктидадан басқа барлық жерлерде мекендейді. Масалар анағұрлым тез және дыбыс шығарап, жағымсыз ызылдап ұшады.

 Ал үнсіз масалар жөндеп ұша алмайды, үндері шықпайды. Оларға  тіпті «үндемей тістегіштер» деген лақап ат та  берілген. Олар жалпы айтқанда тістемейді, олар тұмсығымен теріні тесіп,  ауырғанын сездірмейтін және қанды қоюландырмайтын затты  жібереді. Бұл оның біраз уақыт қанды сорып, білінбей ұшып кетуіне жағдай жасайды.

Үнсіз масалар әлемдегі қауіпті жәндіктердің қатарына жатады, себебі олар біркатар маңызды аурулардың қоздырғыштарын таратушылар болып есептеледі. Жануарлар мен адамдарды шаққанда үнсіз маса безгегі, лейшманиоз, бартонеллез деген аурулардың қоздырғыштарын сілекейлерімен бірге  денеге енгізуі мүмкін.

Үнсіз маса безгегі субтропикалық аймақтарда, Португалияның оңтүстік аудандарынан бастап, Африканың шеткі солтүстігіне, Үнді мен Пәкістан елдеріне дейін таратылған.

Лейшманиоз ауруы әлемдегі 80 елде кездеседі, әсіресе Үнді, Бангладеш, Бразилия, Судан, Эфиопия, Сауыт Арабиясы, Перу елдерінде. Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік аймақтарында тіркелінеді.

Лейшманиоз – инфекциялық ауру, олардың қоздырғыштары қарапайымды лейшмания паразиттері. Бұл маусымдық ауру, олар мамыр айынан бастап, қараша айына дейін диагностикаланады. Аурудың уақытша тіркелуі үнсіз масалардың өмірсүруіне негізделген.  

Адам  лейшманиозы  ішкі органдар мен теріні зақымдайтын ағзаның ішкі талшықтарында орналасатын лейшмания паразиттерімен сипатталатын инфекциялық ауру.  Лейшманиоз аурулары өкпе, көк бауыр, жүрек, бауырды зақымдайтын висцеральді лейшманиозға бөлінеді.

Висеральді лейшманиоз ауруы  едәуір ауыр өтетін аурулар қатарына жатады, жыл сайын осы аурудан 50 мыңға жуық науқастар қаза табады, ал 500 мыңға жуық жағдайлар тіркеліп, адамдар  осы аурудан зардап шегеді.

Тері лейшманиозының  белгісі ол теріні зақымдайды. Кейбір тері лейшманиозының ауыр жағдайларында, лейшманиоздың қоздырғыштары тыныс алу органдарын зақымдап, науқасты өлім жағдайына әкелуі мүмкін.

Сондықтан үнсіз масалардың шағуынан сақтану үшін, қарапайым шараларды қолдану қажет:

Таза ауамен дем алуға шығар алдында арнайы гель, жақпа май мен аэрозоль қолдану керек;

Таңертеңгі және кешкі ымырт кезінде, үнсіз масалардың шабуылға шығатын уақытында, сыртқа шықпаған жөн;

 Сыртқа шыққан кезде ылғалы көп, су тоғандары мен батпақты жерлердің төңірегінен, әсіресе ауа райы салқындағанда алысырақ дем алу қажет;

Дененің ашық жерлерін жабатын – кең жейдеше, шалбар кию қажет.

Ал тұратын үйді үнсіз масалардан қамалау үшін: есік және терезелерге москитті торлар, дәке, бөз мата мен шілтер шымылдық  қолданған жөн.

Егер де үнсіз масалар үйдің ішінде пайда болса, онда жәндіктерге қарсы қолданылатын  кәдімгі «Дихлофос» сияқты аэрозольдарды қолдануға болады.  

 

Егер де сіздің  аулаңызда бассейн бар болса, ондағы судың көп тұрып, көгеруіне жол бермегеніңіз  дұрыс. Себебі үнсіз масалар осындай жерлерді ұнатады, оларды  өздеріңіз аулаңызға шақырғандай боласыз, сонда олардан құтылу үшін біраз әлек боласыз.

maskiti

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ