ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Қызылша – қауіпті вирустық инфекциялық ауру, - деп түсінік береді ҚР ДСМ ҚДСҰО «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу басқармасының эпидемиолог дәрігері Лена Қасабекова, - Вирустың кіру қақпасы - жоғарғы тыныс алу жолдары. Егер дер кезінде медициналық көмекке жүгініп, дәрігерге қаралмаса, ауыр пневмония түрінде асқынып, науқастың соқыр болып қалуы да мүмкін. Ал вирустың орталық жүйке жүйесіне әсер етуі энцефалитке және тіпті өлім-жітімге әкелуі мүмкін. Өкінішке орай, соңғы уақытта көптеген ата-аналар вакцинациядан бас тарта бастады. Мұндай үрдіс бір күнде ғана пайда бола қалған жоқ. Сонымен қатар қазіргі таңда қызылша бойынша қолайсыз жағдай бүкіл әлемде орын алып отыр. Бүкіл әлемдегі сияқты бізде де  халықтың көші-қоны белсенді. Вакцинациядан бас тартушылардың басым көпшілігі Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында тіркеліп отыр.

        Қазірге уақытта Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал қандай да бір үлкен қауіп тудырмайды, бірақ барлығымыз өз денсаулығымызды сақтауда  мұқият болып, қызылшаға қарсы алдын алу шараларын сақтауымыз керек. Өйткені қызылша тым қауіпті ауру және ЖРВИ-ге өте ұқсас. Әдетте, бұл катаральды құбылыс, егер сәби ауырса, дене қызуы көтеріледі, әлсіздік, дімкәстік пайда болады және тәбеті болмайды. Егер жаңа туған бала болса, ол емшек емуден бас тартады. 10 күннен 21 күнге дейін созылатын инкубациялық кезеңнің соңында температура түспей тұрады, содан кейін температура жақсы түсіп, қалыпқа келеді де, бөртпе шығады. Қызамықтан айырмашылығы, қызылшада кезең-кезеңмен бөртпе шығады: 1-ші күні - қызыл ұсақ нүктелі бөртпелер құлақтың арт жағында және маңдайында пайда болуы мүмкін, содан кейін олар тұтасып кетеді, 2-ші күні бөртпе төмен түсіп, біртіндеп бетте, мұрында, ауыз айналасында, одан кейін мойында және дененің жоғарғы бөлігінде пайда болады, 3-ші күні бөртпе ішке, арқаға, мықынға дейін шығады, 4-ші күні балтыр мен табанға қаптап шығады.

        1 сәуірден бастап республика бойынша қаупі жоғары топтар арасында қызылшаға қарсы қосымша иммундау басталды, олар 9-10 айлық сәбилер, медицина қызметкерлері, қызылша ошақтарында байланыста болған адамдар. Қазан айының басында республика бойынша 242671 адам иммундаумен қамтылды, бұл 88,9%,  9-10 айлық сәбилер арасында -174767 бала иммундаумен қамтылды, бұл 85,7% құрайды.   

        Сонымен қатар, 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда қызылшаға және қызамыққа қарсы тұрғындарды иммундау бойынша қосымша науқан басталды. Екпе 20-29 жастағы азаматтарға жасалады. Бұл жастағы топ ауруға өте бейім бір жасқа дейінгі балаларды тәрбиелейді. Егу пункттері емханаларда жабдықталған.  

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ