ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

             Күз жылдың ең әдемі мезгілі болып саналады. Күз мезгілінің бізге берер әсемдігіне таңданбауға болмайды. Ағаштың жапырақтары сарғаяды. Аспанда бұлт пайда болып, жаңбыр жиі-жиі жауады. Күн қысқарып, түн ұзара бастайды. Бау-бақша көкөніс пен жеміс-жидекке толады. Мүмкін, күздің арқасында адамдар қоршаған ортаға назар аудара бастайтын шығар. Шын мәнінде, күз бейне бір карнавал өткізгендей, бар сұлулығын көрсетуге тырысады. Осы себептен болу керек, күздің осындай бір күндерінде "СЭСжМҒПО" филиалында "Алтын күз келгенде..." деп аталатын ерекше кеш өтті. Бұл кеште филиалдың қызметкерлері тек бірегей зерттеулерді, сапалы диагностикалауды ғана жүргізіп қоймай, сонымен қатар мәнерлеп өлең оқи алатындықтарын, нақышына келтіріп ән айта алатындарын, әзіл-қалжың айтып, өнер көрсете білетіндерін және көтеріңкі көңіл-күй сыйлай алатындарын көрсетті. " Алтын күз келгенде..." – бұл түрлі костюм киіп өткізген көңілді кеш, көңіл-күйді көтеретін музыка, шат күлкі, таңғажайып және көздің жауын алатын костюмдер. Сонымен қатар, бұл әр қызметкердің жиналған қауымға өзінің музыкалық, өлең оқу немесе би билеу қабілетін көрсете алған таланттар сайысы деуге де болады.             
           Қазіргі таңда ҚР ДСМ "ҚДСҰО" ШЖҚ-ғы РМК "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалы белгілі, беделді ұйым, көптеген күрделі мәселелерді шешуге қатысып келеді. Орталыққа 67 жыл толды, ұжым үлкен, 160-тан астам қызметкер бар.  "СЭСжМҒПО" тарихында  көптеген жетістіктерге қол жеткізілді, біраз асуларды бағындырды, бұған дәлел - кәсіпорынның алған наградалары мен дипломдары. "СЭСжМҒПО -ның" басты құндылығы, әрине, адамдар - біліктілігі жоғары мамандар. Орталықта дипломы бар, ғылым жолында  қызмет етіп жүрген мамандар, медицина және  биология ғылымдарының кандидаттары, денсаулық сақтау магистрлері, жоғары санаттағы дәрігерлер жұмыс істейді.  

           Кез келген ұжымның өзіндік дәстүрі болады, мұндай дәстүр "СЭСжМҒПО" филиалында да бар, бұл дәстүр аға ұрпақтан жалғасын тауып келеді, ұжым қызметкерлері түрлі мерекелерді, туған күнді, мерейтойды атап өтеді. Мұның барлығы ұжымның бірігуіне, жақсы қарым-қатынаста болуына септігін тигізеді. Сондықтан әрбір қызметкердің міндеті - ниеттес ұжым құруды ары қарай жалғастыра беру, бұл ұжымда әрбір қызметкер өз жұмысының ғана жемісін көрмей, әріптесінің де жемісін көріп, қуана біледі. Қазан айының бір кешінде СЭСжМҒПО ұжымында керемет бір жаңа дәстүр – алтын күзді әнмен, өлеңмен және көтеріңкі көңіл-күймен бірге қарсы алу дәстүрі көрсетілді.

ball

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ