ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми – практикалық орталығы» филиалында әзірленген Санитарлық қағидалар жобаларының презентациясы туралы

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

         2019 жылғы 22 қарашада ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының (бұдан әрі – СЭСжМҒПО) базасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - ҚДСҰО) директорының м.а. Сатывалдеев Руслан Құсайынұлы мен сыртқы консультанттардың қатысуымен Санитарлық қағидалардың қайта қаралған және әзірленген жобаларын талқылау және келісу мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтеді.

          ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік тапсырмасын іске асыру аясында, ҚДСҰО директоры У. И. Ахметовтың бұйрығы негізінде  жаңа Санитарлық қағидалармен жұмыс жүргізілді.  

          «Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қайта қарау» міндетін, СЭСжМҒПО-ның 2019 жылға арналған операциялық іс-шаралар жоспарын орындау және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті директоры мен ҚДСҰО директорының м. а. тапсырмаларын орындау үшін СЭСжМҒПО базасында құрылған жұмыс топтары халықаралық тәжірибе мен ғылыми негіздемені ескере отырып, мынадай бес Санитарлық қағидаларды қайта қарау және әзірлеу бойынша жұмыс жүргізді:  «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», «Кондитерлік өнімдерді өндіру объектілеріне, кондитерлік өнімдерді өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою шарттарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар», «Темекі өнімдерін тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жаюдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар».

          Санитарлық қағидаларды әзірлеуге филиал мамандарымен бірге сырт ұйымдардан шақырылған сыртқы консультанттар: «Атамекен» ҰКП өкілдері, жетекші республикалық компаниялардың, шағын және орта бизнес өкілдері, бала бақшалардың басшылары белсенді түрде қатысты. 

        Санитарлық қағидалардың жобаларын әзірлейтін консультанттар қатысқан жұмыс топтарының жұмысы бойынша тыңдалым бірнеше рет өткізілді. Жаңа Санитарлық қағидаларды әзірлеушілер СЭСжМҒПО базасындағы кездесулердің маңыздылығын және Санитарлық қағидаларды өзгертуге және жетілдіруге қатысты жұмыс топтарының конструктивті ұсыныстары мен пікірлері айтылған жұмысын баса айтады.        

        СЭСжМҒПО мамандары Санитарлық қағидаларды әзірлеу кезінде мынандай қағидаттарды: Санитарлық қағидалар талаптарының ЭЫДҰ елдеріндегі талаптарға (мысалы, Еуропа одағының гигиена және санитария жөніндегі Директиваларына, Кодекс Алиментариуске және т.б.) сәйкестілігін немесе барынша жақындығын ұстанды. Санитарлық қағидалардың жобалары өндірушілер мен бақылаушы органдар үшін қарапайым және түсінікті болуы, талаптар мен нормалардың бұрмаланып түсінілуін болдырмауы; қосымша қаржылық және материалдық шығындарды қажет етпеуі және өндірушілер орындай алатындай болуы тиіс. Жобалардан кәсіпкерлікті дамытуға және белгілі салаға инвестициялар тартуға бөгет (кедергі)  болатын талаптар алынып тасталуы тиіс; ЕураАзЭО техникалық регламенттерінде және басқа да нормативтік актілерде көрсетілген талаптардың алынуы тиіс.  

         Санитарлық қағидалардың жобаларында жаңа заманауи объектілерге және тамақ өнімдерінің (шағын өндіріс, жабық технологиялық желілер және т.б.) өндірісіне (технологияларына) арналған талаптар мен нормалардың жеке бөлімдері болуы тиіс. Қағидалардың құзыретіне жатпайтын техникалық және басқа да терминдерді алып тастай отырып, ұғымдық аппаратты қысқарту қажет.      

          Санитарлық ережелердің жобасы әрі қарай жұмыс істеуге және толықтыруларға ұсынылады. 

canpin11

canpin2

 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ