ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Шілде 2019
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ-ғы РМК «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының базасында  «Менингококк инфекциясының алдын алу шаралары» вебинар өтті.

Вебинарды ұйымдастырып, өткізгендер: М.А.Смағұл – Инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу басқармасының басшысы, Л.К.Қасабекова – Инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу басқармасының бас маманы, А.М.Сатаева – Инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу басқармасының эпидемиолог дәрігері. Вебинарға ҚР ДСМ ҚДСК 14 облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменттерінің эпидемиолог дәрігерлері, сондай-ақ облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы Мұсылмандар діни басқармасының өкілдері қатысты.

Вебинарда менингококк инфекциясы бойынша әлемдегі және Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал, менингококк инфекциясына қарсы вакцинациялау мәселелері, қажылық сапарға барушылар арасында инфекциялық аурулардың алдын алу шаралары және қажылыққа барушыларға қойылатын негізгі талаптар талқыланды.

Қажылық жасау - мұсылман өміріндегі маңызды оқиға, күнәларды кешіріп, тәубаға келу, өмірдің парқын таразылып қайтуға және оны жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік алу. Жыл сайын Меккеге 2,5 миллионнан астам мұсылман қажылыққа барады. Сауд Арабиясының аумағында болатын әрбір қажылық жасаушы адам Сауд Арабия Патшалығына барғанға дейін 10-14 күн бұрын менингитке қарсы төрт компонентті вакцина салдырған екпе туралы сертификат көрсетуге міндетті.

Қажылық және Умра кезіндегі ерекше маңызды аурулар:

Сары қызба - Халықаралық медициналық-санитарлық ережелердің талаптарына (2005) сәйкес сары қызбаға қарсы вакцинацияланған адамдар вакцинациялау немесе алдын алу туралы халықаралық куәлік алады. Вакцинациялау туралы куәлік қолданылатын вакцинаға ДДСҰ рұқсат берген жағдайларда ғана жарамды болып табылады. Сары қызбаға қарсы вакцинациялау куәлік вакцинациялаудан кейін 10 күннен бастап өмір бойы жарамды болады.  

Менингококкты менингит: қажылыққа барушылар Сауд Арабиясына барғанға дейін 10 - 14 күн бұрын менингококкты инфекцияға (ACYW135) қарсы төрт валентті (МКС) вакцина салдырған вакцинациялау туралы сертификатты көрсетуі тиіс.

Полиомиелит: айналымдағы жабайы немесе вакцинацияланған полиовирус (cVDPV2) бар елдерден келетін қажылыққа барушылар полиомиелитке қарсы вакцинациялау туралы қолданыстағы сертификатты көрсетуге міндетті. Ауғаныстан Нигерия, Пәкістан, Мьянма, Эфиопия, Сомали, Оңтүстік Судан Республикасы, Сирия Араб Республикасы және Йемен елдерінен келетін саяхатшылар да Сауд Арабиясына келген кезде шекара пункттерінде бір ОПВ дозасын алады.

 

Маусымдық тұмау: Сауд Арабиясы Патшалығы барлық қажылыққа барушыларға маусымдық тұмауға қарсы вакцинациялаудан өтуді ұсынады. 

bibi1

2014 - 2018 жж. айлар бойынша МИ-мен сырқаттанушылықты бөлу

bibi2

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ