ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы»  ШЖҚ-ғы РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама  және  мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы базасында «Қажылыққа баратындардың арасында инфекциялық аурулардың алдын алу шаралары туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді жұқпалы паразиттік аурулардың алдын алу бөлімінің мамандары ұйымдастырып, өткізді. Дөңгелек үстлеге Алматы қаласының Мұсылмандар дінбасылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында дүние жүзіндегі және Қазақстандағы коронавирус жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, Қажылыққа шығатын адамдардың арасында жұқпалы аурулардың алын алу шаралары және негізгі  талаптары туралы мәселелер қарастырылды.  

Жыл сайын Қажылық кезінде 2-2,5 миллионнан астам мұсылман Меккеге барады, 2019 жылы Сауд Арабия Патшалығының Қажылық министрлігі Қазақстан үшін 3200 қажылық квотаны бөлді. 

Әлемде коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай қауіпті болуда. ДДҰ деректері бойынша 2012 жылдан бастап 30 маусымға дейінгі аралықта әлемде Таяу Шығыс респираторлық синдромының коронавирусымен ауырудың 2449 зертханалық расталған жағдайы тіркелген, оның 845-і өліммен аяқталған, яғни оның 34,5% - ы тіркелген.

Коронавирусты инфекция – бұл анық байқалатын интоксикациямен және респираторлық тракттың жоғары бөліктерінің зақымдануымен (көп мөлшерде серозды бөліндісі бар ринитпен, әлсіздікпен, тамақтың жыбырлауымен, құрғақ жөтелмен) сипатталатын респираторлық ауру. Аурудың өтуі ауыр болған кезде жиі жағдайда өлімге әкелетін пневмонияға айналады.   

Қажылық етушілерге қойылатын маңызды талаптардың бірі дәрігердің қорытындысы берілетін медициналық тексеруден өту, менингокококк инфекциясына және полиомиелитке қарсы вакцинациялауды растайтын құжаттардың болуы болып табылады.  Сауд Арабиясының аумағына келген әр қажылық етуші менингитке қарсы кемінде 10 күн бұрын және келгенге дейін кемінде 3 жыл бұрын жасалған төрт компонентті вакцинамен егу туралы сертификат көрсетуге міндетті.

Сондай-ақ, жеке гигиена ережелерін, тұратын және тамақтану орындарындағы санитарлық ережелерді білу және сақтау қажет. Жөтел және түшкіру сияқты ауру белгілері бар науқастармен жақын қарым-қатынаста болудан сақтану керек. Бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану және жиі қолды жуу ұсынылады.  

Аумақтық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменттері жыл сайын мұсылмандардың рухани басқармаларының өкілдерімен, қажылыққа барушылардың мәселелерімен айналысатын туроператорлармен қажылыққа барушыларды міндетті түрде вакцинациялауға бағытталған жұмысты жүргізуде, қажылыққа барушылар сапарға шыққан кезде және одан келген кезде өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейту жөнінде шаралар қабылдауда. 

Қажылыққа барушылардың виза алуы үшін қойылатын негізгі талап менингококкты инфекцияға қарсы вакцинациялау туралы қолданыстағы халықаралық сертификаттың болуы болып табылады. Ағымдағы жылы менингококкты инфекцияға қарсы вакцинация зияратшылардың едәуір көп саны тіркелген республиканың 8 өңірінде жүргізілді, олар: Атырау облысы (Open clinic ЖШС филиалы, студенттер көшесі 205А), Жамбыл облысы (НКЦКТ емханасы ЖШС филиалы Zhanuya, Тараз қаласы, Пушкин көшесі 41), Қарағанды облысы (БМСК қалалық орталығы ЖШС, Бейбітшілік бульвары 28, №1 ҚП, Ипподромная көшесі 8, №3 ҚП, Шахтерлер даңғылы 78, Қарағанды қаласы), Қызылорда облысы ("№6 қалалық емхана" ШЖҚ КМК, Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі 73), Маңғыстау облысы ("№1 қалалық емхана" ШЖҚ КМК, 7-ықшам ауданы35А, Шымкент қ. (қалалық көмек орталығы ЖШС, Г. Иляев к-сі,51 МДО Алдияров к-сі, 60, Медикер-ЮГ ЖШС, Нұрсат, Арғынбеков к-сі 640А), Алматы қаласы (вакцинация клиникасы ЖШС Фармаком Қарасай батыр көшесі 30, вакцинация клиникасы ЖШС Фармаком Бузурбаев көшесі 24, International SOS Clinic Almaty, Луганская көшесі 11, IMC мед. орталығы, Мұқанов көшесі 235, IMC мед. орталығы, Гагарин көшесі 311а, Медика групп (Рахат медициналық орталығы, Жетісу 3, 2а шағын ауданы) және Астана қаласы (ҚР ПІБ жанындағы "МТЖО" АҚ дәріханасы, Е495 көшесі №2, Open clinic ЖШС.

Қажылық кезінде адамдар көп жиналатын жерлерде болғанда мынандай жеке профилактика шараларын сақтау қажет:

-                     қолды сабынмен жиі жуу, дезинфекциялайтын сулықтарды пайдалану;

-                     жөтелген және түшкірген кезде сулықты пайдалану;

-                     ауырған адамдармен қарым-қатынасқа түспеу және олардың жеке заттарын пайдаланбау;

-                     адамдар көп жиналатын жерлерде мүмкіндігінше бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;

-                     түйелер көп жиналатын жерлерге жақындамау және оларды ұстамау;

-                     қайнатылмаған және пастерилизацияланбаған түйе сүтін пайдаланбау, сондай-ақ кездейсоқ сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмау;

-                     сырқаттанудың кез келген белгілері пайда болған кезде дәрігерге көріну;

-                     сапардан қайтып келген кезде және аурудың кез келген симптомдары (қалтырау, температураның көтерілуі, әлсіздіктің пайда болуы, тамақтың ауыруы және басқалар) пайда болған жағдайда жақында Қажылыққа барғаныңыз туралы дәрігерді хабардар ете отырып, дереу медициналық ұйымға бару қажет. 

12

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ